Ағымдағы жылдың 11-12 наурыз күндері аралығында, Атырау қаласы, «Балықшы» спорт кешені ғимаратында, тірек-қимыл аппараты зақымдалған мүмкіндігі шектеулі жастар және ересектер арасында үстел теннисінен облыстық іріктеу чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа Махамбет ауданы атынан "Ер Жүректілер" спорт клубының спортшылары қатысты. Нәтижесінде (Абсолюттік) ІІІ және қыздар командалық арасында ІІ орынды Аружан Ғиниатова алса, қыздар командалық арасында Ақмөлдір Тлеукулова да ІІ орынды жеңіп алды. 10 класс ерлер арасынан Диас Жолшиев ІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ 9-10 класс қыздар арасынан Аружан Ғиниатова І орын алып, сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жастар арасындағы үстел теннисінен Қазақстан Республикасы чемпионатына жолдама алды.
Жаттықтырушысы Куангереев Мухадия
«Жайық-Ақпарат»