- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 42
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Зинеден ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, санитарлық жағдайды жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Туған жеріміздің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Ауылымызды таза ұстауға бірге үлес қосайық!
#ТазаҚазақстан
#ЭкоБақылау
#ЭкоКонтроль
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 55
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Индер ауданына қарасты Бөдене ауылдық округінде Бөдене орта мектебінде мектеп ауласын тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық шарасы барысында мектеп аумағы ұсақ қоқыстардан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Мұндай жұмыстар ауылдың көркін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.

Туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қоршаған ортаны таза ұстау күнделікті дағдымызға айналуы тиіс.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 38
Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мекеме аулалары тазартылып, аумақтың тазалығы мен көріктілігіне ерекше көңіл бөлінді.
Тазалық жұмыстарының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауыл тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Әрбір азамат туған жерінің тазалығына үлес қосып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауы тиіс.
Өз тілшіміз
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 39
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Индер ауданы Бөдене ауылында ауыл аумағын таза ұстау бағытында жұмыстары жүргізілді.
Ауылға кіреберіс тасжол бойы қоқыстардан тазартылып, округ қызметкерлері ауылішілік көшелердің бойындағы қалдықтарды жинады. Сонымен қатар, арамшөптер орылып, аумақты ретке келтіру жұмыстары атқарылды.Тазалық жұмыстары елді мекеннің көркін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға да бағытталған. Мұндай шаралар ауылдың таза әрі жайлы болуына ықпал етеді.
Дендер Ақпарат



