Жарық шағылыстыратын таспалар шаруашылық иелеріне таратылды

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ және әкімшілік полиция басқармасының бастамасы бойынша ұйымдастырылған жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған науқанды NCOC компаниясы қаржыландырды.

Жүргізілген жұмыстар алдағы уақытта көлік жүргізушілерінің жануарларға деген сақтығын арттыруға жәрдемдеспек

Түнгі мезгілде төрт-түліктің республикалық маңызы бар жолдардың бойында бей-берекет жүруі жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатыны жасырын емес. Осы жағдайдың алдын алу, жолдардың қауіпсіздігін ұйымдастыруға NCOC компаниясы демеушілік көрсетіп, жарық шағылыстыратын таспалар мен спрейлерді шаруашылық иелеріне таратуда.

Компания өкілдері Атырау қаласы мен облыстың 2021-2023 жылдарға арналған Жол қауіпсіздігі картасын жүзеге асыру аясында Махамбет ауданында да болып, жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне үй малын таңбалауға арналған 500-ден астам жарық шағылыстыратын таспа мен 200 жарық шағылыстырғыш спрей баллонын табыстады.

e

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы АҚ және әкімшілік полиция басқармасының бастамасы бойынша ұйымдастырылған жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған науқанды NCOC компаниясы қаржыландырды. Жүргізілген жұмыстар алдағы уақытта көлік жүргізушілерінің жануарларға деген сақтығын арттыруға жәрдемдеспек.

- Жануарларға таңылған жарық шағылыстыратын таспалар мен спрейлер жүргізушілердің қараңғыда жолдағы малды дер кезінде байқап, көру мүмкіндігі шектеулі жағдайда олармен соқтығысудың алдын алуға арналған шараларды қабылдауға көмектеседі. Таспалар шамамен 500 бас малдың мойнына тағуға жететін деңгейде. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларын орын алу мүмкіндігін азайтып, жолдарды қауіпсіз ете түседі, - дейді «ҚазАвто Жол» АҚ облыстық филиалының директорының орынбасары.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы уақытта да жергілікті халықтың қауіпсіздігі мәселелері бойынша қолдау көрсетуге өзінің дайындығын көрсететін болады.

Атап айтқанда, биылғы жылдың соңына дейін Доссор, Мақат аудандары мен Құлсары қаласындағы жергілікті фермерлерге 2000 жарық шағылыстыратын таспа мен 300 спрей баллонын беру жоспарда бар.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521