- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 24
«Әділет» партиясы Атырау облыстық филиалы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы №7 емханада «Әйел өмірі үшін» республикалық айлығы аясында ашық есік күні ұйымдастырылды. Әйелдер онколог-маммолог пен акушер-гинеколог дәрігерлерден кеңес алып, тексеруден өтті.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 69
Бүгінде мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау, олардың тәуелсіздігін арттыру және күнделікті өмірге бейімделуіне қолдау көрсету - маңызды. Әсіресе мүгедектер арбасын пайдаланатын жандар үшін дұрыс оңалту тек денсаулықты қалпына келтірумен шектелмей, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Осы мақсатта Атырау қаласында “Тиімді оңалту”лагерінің кезекті легі ұйымдастырылды. 8–13 қыркүйек аралығында өткен бес күндік лагерьге 10-нан астам адам қатысып, арбамен еркін қозғалу, өз-өзіне күтім жасау және белсенді өмір салтын ұстану дағдыларын жетілдірді.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 110
Жұқпалы аурулардың алдын алу – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын
қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі.
Инфекциялық аурулар адамның денсаулығына елеулі қауіп төндіріп қана қоймай, қоғам арасында тез таралуы мүмкін. Осындай аурулардың алдын алудың
тиімді тəсілдерінің бірі – вакцинация.
Вакцинация дегеніміз не?
Вакцинация – ағзада белгілі бір жұқпалы ауруға қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған
профилактикалық шара. Вакцина енгізілгеннен кейін иммундық жүйе инфекция қоздырғышын тануға
жəне оған қарсы қорғаныс қалыптастыруға үйренеді.
Қазақстандағы профилактикалық егулер Қазақстан Республикасында профилактикалық егулер Ұлттық егу күнтізбесіне сəйкес жүргізіледі.
Жоспарлы иммундау туберкулез, В вирустық гепатиті, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, полиомиелит ,
қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит , b типті гемофильді инфекция жəне пневмококк инфекциясы сияқты аурулардың алдын алуға бағытталған. Эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты басқа да инфекцияларға қарсы вакцинация жүргізіледі.
Вакцинацияның маңыздылығы неде?
Екпе алу – жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді тəсілі. Вакцинация аурумен сырқаттану қаупін төмендетуге, инфекцияның таралуын шектеуге, аурудың ауыр өтуі мен асқынуының алдын алуға жəне ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді.
Вакциналардың қауіпсіздігі
Вакцинация алдында медицина қызметкері адамның денсаулық жағдайын бағалап, медициналық
қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын анықтайды. Кейбір адамдарда вакцинадан кейін дене қызуының
аздап көтерілуі, екпе салынған жерде ауырсыну немесе қызару сияқты қысқа мерзімді реакциялар
болуы мүмкін. Денсаулық жағдайына байланысты күмəн туындаған жағдайда медицина қызметкеріне
жүгіну қажет.
Əр азаматтың жауапкершілігі
Жұқпалы аурулардың алдын алу – медицина қызметкерлерінің ғана емес, əр азаматтың ортақ
жауапкершілігі. Ата-аналар балаларының профилактикалық екпелерін Ұлттық егу күнтізбесіне сəйкес уақытылы алуына жауапкершілікпен қарауы қажет. Əр азамат өзіне жəне отбасы мүшелеріне қажетті профилактикалық егулер туралы ақпаратты медициналық ұйымнан алып, екпе алу мерзімдерін
бақылауы маңызды.
Вакцинация – жеке адамның денсаулығын ғана емес, тұтас қоғамның эпидемиологиялық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды профилактикалық шара.
Уақытылы жүргізілген вакцинация көптегенжұқпалы аурулардың таралуын шектеуге, аурудың ауыр жағдайлары мен асқынуларының алдын алуға
мүмкіндік береді.
Екпе – аурудың алдын алудың тиімді жолы. Денсаулықты бірге қорғайық!
Махамбет аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 304
Атырау облысында мемлекеттік медициналық мекемелердің дәрігерлеріне арналған білім беру бағдарламасы басталады. Оқыту жұмысын Еуропалық одақ елдерінен келген жетекші халықаралық мамандар жүргізеді.



