Біз туралы

Тәуелсіз Қазақстанның шежіресі, оның жаңа тарихы, енді басталып, жылнаманың жарқын беттері жазыла бастады. Тәуелсіздіктің бастау алар тұсындағы аса бір күрделі тарихи кезеңде өмір сүрген, бейнетқор халқымыз үміт пен күдік тайталасқан сындарлы сәттен сүрінбей өтіп, замана көші күнгейге бет бұрып, өзіндік бағытын айқындап үлгерді. Осындай жылт еткен жамиғатқа жағымды жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізгенше асыққан аудандық газеттер де дауылпаз дәуір тынысына үн қосып, заманға лайық өз дауысын тауып, бұрынғыша қалың бұқарамен байланысын үзбей өздерінің кәсіби шыңдалу кезеңдерін бастан өткеріп келеді. Солардың қатарында 77 жылдық тарихы бар Жайық бойындағы жаңалық жаршысы, «Атырау-Ақпарат» медиа серіктестігіне қарасты Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газеті де аталады.

Жетпіс жыл тарихы бар газет өзінің өсу, қалыптасу кезеңдерінен өтті. Енді осы жүріп өткен жолымызды ой елегінен өткізу, шежіресін қаттау парызымыз деп білеміз. Тарих доңғалағы айнала береді. Өткеніне із қалдырады, белгі тастайды. 1941 жылғы 19 наурыз күні Бақсай аудандық «Ленин жолы» газеті жарыққа шықты. Ал алпысыншы жылдары «Малды өңір», жетпісінші жылдардан бері «Жайық шұғыласы» деп аталғанымен газеттің мақсат-мүддесі уақыт пен өмір тыныстарына лайық болып, аудан ақиқатын паш етіп келеді. Бүгін біз аудан ақиқатының елеулі жолдарынан сыр шертсек, газет үшін ойларын тұндырып, сөздерін сараптаған абзал ағаларымыздың шығармашылық жолдарына көз жіберіп, есімдерін еске алған абзал. Қарапайым кішкене тарихтың сарғайған беттерінің әрқайсысы құштарлыққа үңілтеді. Жол үстіндегі жолаушы да қырдан соң, қыр асқан сайын, өзі ұзап бара жатқанын сезінбей ме?! Тап сондай, «Жайық шұғыласы» жүріп өткен 77 жылдық жолының бүгінгісінен кейінгісіне көз жіберсек, ел өміріндегі елеулі кезеңдерді байсалдылықпен пайымдасақ, өміріміздің өзгеріп жаңарғаны да тіпті жасыратыны жоқ, қайсыбір тұстарда қайғы-қасіретті кешкеніміз де шындық. Ал газет солардың куәсі, қадалып қалған белгісі іспеттес.

«Жайық шұғыласы» газеті редакциясының кіреберіс дәлізіне мұражай іспеттес әр жылдардағы газет редакторларының бірдей көлемдегі майлы бояумен салынған суреттері ілінген. Олардың ұзын саны - 13. Әрқайсысының тұстарына редакторлық қызметті атқарған жылдары жазылған.

  • Мақсот Жалмұқатов – 1941-1943
  • Айтқали Ыбыраев –1943-1944
  • Кенжеғали Қосжанов – 1945-1946
  • Дошу Шененов – 1946-1947
  • Ғалым Қожықов – 1947
  • Қабдол Кенжалиев – 1947-1953
  • Нұр Тағамбаев – 1953-1957
  • Ізтелеу Көпбаев – 1957-1961
  • Сақтан Хасанов – 1961-1962
  • Теңдік Жауырұлы – 1963-1970
  • Қырықбай Бекбаев – 1970-1978
  • Сайлаубай Тәжбентай–1978-2004.

Міне, осы ширек ғасыр бойы газетке қол қойып, редакторлық қызметті абыроймен атқарып, бірнеше дүркін аудандық, облыстық Мәслихаттың депутаттығына сайланған елге сыйлы абзал азамат Сайлаубай Тәжбентай туралы айрықша тоқталуға болады. Елдің шежіресін жинап, бұл күнде өзі де шежіреге айналған абыз ақсақалымыз журналистиканың жанкешті жауынгеріндей кезекті нөмір кезекшілігін мінсіз атқарып, жазу үстелінде отырғанда сан жылдар бойғы сыралғы қаламы кенеттен қолынан сусып түсті... Сан жылдар бойы Жайық бойына қоныс тепкен отырықшы халықтың тұрмыс-тіршіліктерін көзден таса қылмай, жергілікті тұрғындардың көзі мен құлағына айналған Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газеті тәуелсіздіктің де туын биікке көтеріп, елмен етене араласып, шежірелі өлкенің сыр сандығына айналды. Газет қандайма тарихи өтпелі кезең болмасын заманның ыңғайымен уысқа тұрмайтын уақыт көшінен қалмай, өз оқырмандарына дер кезінде дәуір үнін жеткізіп келеді. «Жайық шұғыласы» сонымен қатар, өзінің тәрбиелік жұмысын да жандандырып, құйқалы топырақтан түлеп ұшқан талай тума таланттардың тұсауын кесті.

Газет таралымы: 2387

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Директоры: Елеусінов Нұрболат Мақсотұлы

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 8 қаңтар күні қайта тіркеліп, тіркеу туралы № № KZ86VPY00085005 куәлігі берілген.

Редакция газетінің ғаламторлық нұсқасы zh-shugylasy.kz домені тіркеліп, 14 тамыз 2018 ж, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Ақпарат комитеті, Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлігі №17230-ИА берілген.

Бас редактор: Баян Сүйеуова

Журналистер: А.Қуанышқалиева, Б.Сапарова, А.Сатаева, Қ.Айтқалиев

Редакция мекен-жайы: Махамбет ауылы, Жеңістің 50 жылдығы - 25

Тел: 2-11-34

          2-13-49

Электронды почта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521