- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 75
Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылықтардың бірі. Адамның дүниетанымы, мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттері мен қоғамдағы қарым-қатынасы ең алдымен отбасында қалыптасады. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, өзара түсіністік пен жауапкершілік таныту – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл қасиеттер. Сондықтан отбасы құндылықтарын сақтау мен нығайту тек әрбір шаңырақтың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып табылады.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 164
Талдықорған қаласында өз ісін нық қолға алып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып жүрген кәсіпкерлердің бірі – Абылай Бекет. Ол – «Aquafish.tdk» қоғамдық тамақтану орталығының иесі, І топ мүгедектігі бар азамат.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 150
Абай облысында Үшбиік, Шар және Жарма станцияларындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысандарды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 206
«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды бастама.
Бұл акция әр азаматтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, туған жерге деген жауапкершілігін күшейтеді. Таза орта – дені сау қоғамның кепілі.
Осындай игі шараларға қатысу арқылы адамдар саябақтарды, көшелерді және қоғамдық орындарды қоқыстан тазартады. Сонымен қатар, жастар арасында экологиялық мәдениет қалыптасып, табиғатты аялаудың маңызы кеңінен насихатталады. Әрбір кішкентай игі іс үлкен өзгеріске бастайды.
Менің ойымша, «Таза Қазақстан» – барлығымызды біріктіретін маңызды жоба. Әр адам өз ауласын, көшесін және табиғатты таза ұстауға үлес қосса, еліміз одан әрі көркейе түседі. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті міндетіміз.
Самат ЖӘРДЕМ,
мұнайшы.



