Атырау облысында өткен тәулікте 101 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 78 жұмысшыдан, Жылыой-2, Құрманғазы ауданында 12 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 12-інде ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шыққан. Айта кетейік, қазіргі уақытта 321 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 95 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 39, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 811 адам ем қабылдауда.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Сурет:дереккөз