Жарты ғасырдан соң елге оралған жауынгер

80 жылдан кейін табытпен оралған сарбаз

80 жылдан кейін келген хабар.

Сұм соғыс, аналарды жарынан, балаларды әкеден айырған арада 75 жылдан асса да әлі зарығып, боздақтарын күткен адамдар қаншама. Солардың бірі - Сарайшық топырағынан аттанған Мұқалов Сапарғали Ербатырұлы.

Ол 1920 жылы бұрынғы Гурьев облысы, Бақсай ауданы, Сарайшық ауылында дүниеге келген. Байбатыр, Ербатыр ағайынды азаматтар болған. Байбатыр ұрпақтары қазір Сарайшық ауылында тұрады. Мұқалов Сапарғали Ербатырұлы 1940 жылы 22 қазанда Чита қаласында әскерге шақырылып, 16 әскер құрамында 5 механикаландырылған корпустың 13 танк дивизиясында Отан алдында әскери борышын атқарған. 1941 жылы 21 жастағы жауынгер Сапарғали Мұқалов Смоленск үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапты. Содан хабарсыз кеткен. 80 жыл бойы бауырлары оны іздеумен болған. Ең болмаса сүйегі қайда жатқанын білсек, бір уыс туған жерінің топырағын салар едік. Осылай зарығып жүргенде тосыннан сүйінші хабар келді.

s

2020 жылы 28 қазанда Смоленск облысының, Кардымовский ауданында Наталья Максимова командирімен «Переправа» рессейлік іздестіру-зерттеу жасағының арқасында жауынгердің сүйектері табылады. Жауынгердің медальонында «Қазақ КСР Гурьев облысы, Бақсай ауданы, Сарайшық ауылы Ербатырова Рахимаға жіберсін» деген жазба болған. Жазбаның нәтижесі Сапарғали атамыздың туған еліне оралуына себепші болды. 3 желтоқсанда белгісіз сарбаз күні Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде жауынгердің сүйектері тапсырылды. 10 желтоқсанда Сапарғали Ербатырұлы кіндік қаны тамған туған жеріне әкелінді. Бұл хабарды Атырау облыстық әскери комиссариаты Сарайшықтағы тума-туыстарына хабар жіберген. Хабарда 14 желтоқсанда Атырау қаласында құрметпен жерлеу рәсімі болады, соған бауырларын, ұрпақтарын шақырамыз делінген. Сарайшықтан бір топ делегация бардық. Делегация құрамында Байбатыр, Есмұқан ұрпақтары Байбатыров Сабыр, оның зайыбы Қаншайым, Байбатырқызы Рахыштан тараған Құспанғалиев Баянғали. Құспанғалиев Алтай ауылымыздың ардагері 80-ге келген Амиров Қабыржан. Мұқалов Бисенғали ұрпақтары, Жетпіс, зайыбы Үміт, Жадыра қызы Мақпал осы мақаланың авторы, Сарайшық ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы болғандықтан менің қатысуым тиіс болды. Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде атамыз Сапарғалиға арнап құран бағышталды. Содан кейін «Жеңіс паркінде» әскери гарнизонының сарбаздары құрметті қарауыл ұйымдастырып, үрмелі аспаптармен Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналды.

jerley211220

Облыс әкімі М.Досмұхамбетов жиынды ашып, онда ардагерлер кеңесінің төрағалары, жергілікті органдар басшылары, бауырлары жалынды сөздерін арнады. Артынан атамызға арнап бата оқылып, дастархан жайылды. Ресейден Қазақстанға жеткізуге маңызды үлесін қосқан Александр Щитов пен Андрей Кораблевке қазақ халқының атынан, соның ішінде туған топырағындағы Сарайшық екі, Байбатыровтар әулеті алғысын жеткізді. Қай ауылға, ауданға барсақ та «белгісіз солдатқа» арнаған ескерткіште «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген жалынды сөзді оқисыз. Қазіргі тыныш, бейбіт өмірімізге қаншама аталарымыздың қаны мен жанының арқасында келгенің, кейін ұрпақтарға үлгі болғанын білесіздер. Александр Суворов айтқандай, «Соғыс соңғы солдат жерленген кезде ғана аяқталады» дегендей, қаншама ұрпақтардың жүрегіндегі жара салып кетті. Бұл жағдай соның біреуі ғана.

60f3211220

Елімізде енді соғыс болмасын, оттан, судан, көлденең апаттардан бір Алланың өзі сақтасын, ұрпақтарымызға бейбіт өмір берсін деген жүрекжарды тілегіміз бар.

Раул ТАУОВ,

зейнеткер ұстаз,

Сарайшық ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT