Балаларға қатысты жұқпалы ауру туралы тараған ақпарат жалған

Мұндай жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескертеді

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы мессенджерлерде тараған балаларға қатысты жұқпалы ауру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, "Атырау қаласы тікұшақпен уланады, осы арқылы балалар ауырады" деген форматта мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат жалған.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мессенджерлерде тараған балаларға келген жұқпалы ауру туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Атыраудың провизорлық стационарларына балалар керуетін əкелу арқылы, əдейі ауру таратылып жатыр" деген мазмұнда әйел адам таратып жатқан ақпарат шындыққа сəйкес келмейді. Мұндай жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сəйкес қылмыстық жауапқа тартылатындығын ескертеміз" делінген баспасөз хабарламасында.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз