Зульфия – ел чемпионы

Айгерім Айшуақова жаттықтыратын каратэші қыздар аудан намысын абыроймен қорғап, жан-жақты дайындықтың арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Зульфия Жайдарқызы ҚР чемпионы атанып, «ҚР Спорт шебері» атағына ие болды.

Ақтау қаласында 7-8 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай каратэ-до кекушинкайдан балалар-жасөспірімдер, қыздар және жастар, ерлер мен әйелдер арасында ҚР чемпионаты өтті. Татамиде 12 облыстан келген әрбір спортшы мықты екендерін көрсетуге тырысты. Екі күнге созылған тартысты бәсекеде Махамбет ауданының спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медальды еншіледі.

Чемпионаттың бірінші күнінде бақтарын сынаған 12-13 және 14-15 жас аралығындағы махамбеттік қыздар арасында 35 кг-ға дейінгі салмақта Аряна Сәлімгерей, Ұлжан Ризабеккызы, 50 кг-ға дейін салмақта Эльвира Абилтаева ІІІ орынға табан тіресе, +45 кг салмақ дәрежесінде Аружан Нұржайыққызы ақтық сынға дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды.

k

Жарыстың екінші күнінде жастар, ерлер және әйелдер арасында қарқынды жекпе-жектермен жалғасты. Жастар арасында 55 кг-ға дейін салмақта Зульфия Жайдарқызы ҚР чемпионы атанып, «ҚР Спорт шебері» атағына ие болды. Осылайша, Айгерім Айшуақова жаттықтыратын каратэші қыздар облыс намысын абыроймен қорғап, жан-жақты дайындықтың арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT