Жүлде қоры – 200 мың теңге.
Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне байланысты «Шымырлық пен шеберлік күнін» атап өтуге орай қазақ күресінен «Махамбет барысы» аудандық турнирі ұйымдастырылды. Жалпы жүлде қоры – 200 мың теңге.
Боз кілемде өткен балуандардың тартысты бәсекесі нәтижесінде ІІІ орынды Бекболат Қабенов пен Амантай Жақсымбекұлы өзара бөліссе, сарайшықтық Қадим Хамидуллин екінші орынды жеңіп алды.
Әбілсейіт Сұлтанов «Махамбет барысы» атанып, 80 мың теңге ақшалай сыйлықпен қоса, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің облыстық кезеңіне жолдама берілді.
Жарыс жеңімпаздары Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ақшалай сыйлығы, медальдарымен және аудандық жастар ресурстық орталығы орталығының диплом, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«Жайық-Ақпарат»