Атырауда «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» анықталды

ІІІ орын Махамбет ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Жәнібек Қапуановқа бұйырды.

Атырауда жалпы білім беретін мектептердің дене тәрбиесі пәні мұғалімдері арасында "Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2021" облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Байқауға Атырау қаласы, Исатай, Құрманғазы, Махамбет, Индер, Мақат, Қызылқоға аудандарынан 7 дене тәрбиесі пәні мұғалімі қатысқан. Олар 5 кезең бойынша бақ сынаған.

Қатысушылар сайыс кезінде баскетбол, волейбол, футбол, гимнастика (акробатикалық жаттығулар) техникасын ауызша түсіндіру арқылы практикалық дағдыларын көрсете білді. Осылайша, байқау қорытындысымен жүлделі І орынға Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Дәурен Дүйсенғалиев лайық деп танылды. Ал ІІ орынды Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Лена Байгуршимова, ал ІІІ орын Махамбет ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Жәнібек Қапуановқа бұйырды.

Бұдан бөлек, бірқатар мұғалім «Шығармашыл мұғалім», «Дене шынықтырудың заманауи сабағы»,«Қашықтықтан оқытуға арналған үздік сабақ жоспары», «Өз ісінің шебері» номинацияларымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарына Атырау облыстық білім басқармасы Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының медальдарымен және дипломдары табыс етілді.

Айта кетейік, байқаудың жеңімпазы Дәурен Дүйсенғалиев Көкшетау қаласында өтетін республикалық «Үздік дене тәрбиесі пәні мұғалімі - 2021» байқауында облыс намысын қорғайтын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521