Білім бөлімі «Үздік педагог» атағын беру конкурсының аудандық І кезеңі өтетінін хабарлайды

эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.

Атырау облысы білім беру басқармасының Махамбет аудандық білім бөлімі «Үздік педагог» атағын беру конкурсының аудандық І кезеңі өтетінін хабарлайды.

"Үздік педагог" атағын беру конкурсының аудандық І-кезеңін өткізу тәртібі: Конкурсқа мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері қатысады:

- білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын;

- Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар. Конкурстың І кезеңіне қатысу үшін Білім бөліміне білім беру ұйымдары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдар ұсынады:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;

3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;

6) электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;

7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы қағиданың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12"Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-қосымшасында келтірілген);

8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-қосымшасында көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау осы хабарландыру ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде «Махамбет ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, №13 үй мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады.

Анықтамалар үшін телефон: 2-15-71.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521