Махамбет ауданындағы тағы бір маңызды нысанның бірі - «Бизнес инкубатор» жобасы. Аталған жоба аясында салынған ғимаратта жас кәсіпкерлер шыңдалады.
"Аудан орталығында қараусыз қалған "Нарын" базары қазір заманауи кәсіпкерлер бас қосатын орталыққа айналады деп күтілуде. Бұл жоба менің бірнеше жыл ойымда жүрген жоспарым еді. Қазір құжаттары реттелуде, жуырда жұмысымызды бастаймыз" Инкубаторда кәсіп бастаушыға арналған 24 орын бар. Кәсіпкер болғысы келетін адам осы орталыққа жобасын апарады. Содан кейін таңдаған кәсібімен орталықта үш жыл бойы жұмыс жасайды. Ал, бұрыннан сұлулық, сән саласы қызметтерімен айналысатын қыз-келіншектер немесе ұсақ саудамен айналысатындар осы орталыққа келіп, әрі қарай жұмысын жалғастыра алады. Бір орынды жалға алу құны - 10 000 теңгеден басталады. Бір ерекшелігі, осы ортаға келген адам кәсіпке жер телімін алудың жолдарын, бизнес бастаудың қыр-сырын тереңірек біліп шығады» дейді Махамбет аудандық Туризм және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ж. Пазулов.
Айта кетейік, Махамбет ауданында негізінен ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Қазіргі пандемия жағдайында тұрғындарға қызмет көрсету, оның ішінде тапсырыспен үйге тамақ жеткізу, шаштараз, сұлулық қызметтері, көлік жөндеу салаларына сұраныс артып, дамып отыр.
Қазір Махамбет ауданында 1800 жеке кәсіпкер бар. Соңғы сегіз айда 200 адам өз бизнесін бастаған.