«Сыйлыққа – кітап»

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Сыйлыққа – кітап» акциясы ұйымдастырылып,арнайы бұрыш жасақталды.

Акцияның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға, кітапты құрметтеуге баулу. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары акцияға белсене араласып, өз үйлеріндегі бір кітапты мектепке сыйға тартты. Арнайы жасақталған бұрыш оқушылардың бос уақыттарында, үзіліс кездерінде қызықты кітаптарды оқып, мәліметтер алуға арналады.

- «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасына қолдау көрсеткен мектебіміздің директоры Талшын Ғабитқызына, оқу ісінің меңгерушісі Ғалия Қазимжанқызына, тәрбие ісінің меңгерушісі Сая Исағалиқызына рахмет айтамын! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Кітап сүйер оқырмандарымыз, кітаппен дос болуға құштар оқушыларымыз көп болсын! - дейді кітапханашы Шұға Өңешбаева.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521