Махамбет ауданының бас полицейі есеп берді

Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев Махамбет ауданындағы полиция бөлімінің ғимаратын, аудан аумағындағы учаскелік полиция бекеттері мен азаматтарды қабылдау орындарын да аралап, жұмыс барысымен танысты.

Есептік кездесуде мал ұрлығына, интернет алаяқтыққа қатысты мәселелер көтерілді.

«Өнерпаз» мәдениет үйінде Махамбет аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі А.Закариевтің «2020 жылдың 12 ай қорытындысымен атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есебі» тыңдалды. Жиынға аудан әкімі, округ, әкімдік бөлімдері, ауыл тұрғындары, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің, көші-қон, пробация қызметі қызметкерлері, полиция инспекторлары қатысты. Есептік кездесуде аудандық полиция бөлімі қызметінің оң нәтижелерін атап өтілді.

Сонымен қатар, есептік кездесуде мал ұрлығына, интернет алаяқтыққа қатысты мәселелер көтерілді. Өз кезегінде Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З.Тұрғымбаев 2021 жыл – Құқық бұзушылықтардың алдын алу және «жұртқа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету жылы деп жариялауына байланысты, жол қозғалысын қамтамасыз ету, полицияны сервистік моделге көшіру, халықпен кері байланысты нығайту, цифрландыру жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берді.

 Департамент бастығы жиынға қатысушыларға тәртіп сақшыларын әлеуметтік қорғауға бағытталған тегін медициналық көмек, ақылы еңбек демалысы, тегін арнайы нысандық киіммен қамтамасыз ету сияқты артықшылықтармен қатар, тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы алатын лауазымдар санаты ұлғайғандығы және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес полиция қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен 30%-ға көтерілетіні туралы айтып өтті. Кездесу барысында тұрғындар да өздерін мазалап жүрген көкейдегі сұрақтарын қойып, басшылардан жауабын алды.

poli12321-1

Cондай-ақ Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев  ауданда болған жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындарды полиция жұмысына қатысты толғандырып жүрген мәселелері бойынша жеке қабылдады.

Полиция бөлімінің ғимаратын, аудан аумағындағы учаскелік полиция бекеттері мен азаматтарды қабылдау орындарын да аралап, жұмыс барысымен танысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT