Ауданда кәсіпкерлік нысан маңдайшалары зерделенді

Ауданда кәсіпкерлік нысан маңдайшалары зерделенді

Кәсіпкерлік нысандардың сыртқы маңдайшаларына назар аударылды.

Ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу мақсатында аудан әкімдігінің жанындағы жұмыс тобы төрт кәсіпкерлік нысанды аралады. Бұл ҚР Тіл туралы заңының 21 бабында көрсетілген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, қадағалау, түсінік жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету мақсатын көздеген мониторингтік акция болатын. Жалпы акцияда кәсіпкерлік нысандардың сыртқы маңдайшаларына назар аударылды.

i

Акция өз жұмысын жол бойында орналасқан «Исағали» қонақ үйінен бастады. Нысан жанында қазақ-өзбек асханасы да орналасқан. Маңдайшадағы қонақ үй атауы тек қазақ, ағылшын тілдерінде тұр. Оған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Г.Бекбаева «гостиница» дегенді қосуды ұсынды.

a

Өткен жылы ашылған «Айя» кемпингінде асхана, қонақ үй кешені жұмыс істеуде. Мұндағы ақпараттың көбі орыс тілінде жазылғанын ескертіп, ескерту хат берді.

k

«КазМұнайГаз» жанар-май құю стансасында барлық ақпараттық көрнекіліктер тек орыс тілінде жазылыпты. Аудандағы бұл жанармай құю стансасы «Petroretail» ЖШС-не қарайтындықтан менеджер Қайрат Бекешов мұнда жұмыс істегеніне 8 айдай болғанын айтып, серіктестік басшылығымен келісіп, барлық көрнекіліктерді мемлекеттік тілде жаздыртатынына сендірді.

m

Ал «Меркурий» жанар май құю стансасында бар көрнекілік мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылыпты. Менеджер айтқан ескертуге түсіністікпен қарап, аздаған кемшілікті жуық арада түзейтінін жеткізді.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT