2021 жылға баспасөзге жазылу науқанын аудандық басылым 2653 болып аяқтады.
Алға, Бейбарыс, Ақжайық, Сарайшық, Жалғансай, Есбол ауылдық округтері өз күштерімен жоспардан шығып, тіпті артығымен орындады. Ал, жоспарға сәл-пәл жете алмай қалған Ақтоғай мен Бақсай ауылдық округтеріне жомарт жүректі кәсіпкерлер көмек қолын созды.
Атап айтар болсақ редакцияның газетке жазылған оқырмандар арасында ұтыс ойынын өткізуге мүмкіндік жасаған «AB MEDIСAL» ЖШС директоры Айбек Габдуллин өз қаражатына Бақсай және Махамбет ауылдарынан 63 адамды тегін газетке жаздырды. Сарайшық ауылдық округінің әкімі Нұрғуат Досқайыров, туған жері Ақтоғай ауылы мен Махамбет ауылынан газет оқығысы келетін, бірақ әлеуметтік жағдайы жол бермейтін 60 адамды алты айға өз қаражатына жаздырып берді. Ауылымызға белгілі кәсіпкер Еркебұлан Кенжеғалиев 20, Тұрсынқұл Қоржынов 10, сарытоғайлық кәсіпкерлер Ибатолла Бағытжанұлы мен Руслан Хамзаұлы 20 тұрғынды аудандық басылымға тегін жаздырды.
Аудандық басылымға қолдау көрсетіп қол ұшын созған жомарт жүректі кәсіпкерлерге шын жүректен алғысымызды айтып,ризашылығымызды білдіреміз.
«Жайық-Ақпарат»