Жалғансай ауылдық әкімдігі "Open Space" форматына көшті

. Мырзағали өз қызметкерлерін қаңдай жұмыспен айналасып отырғанын, қанша тұрғындар келгенін, тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, ал қызметкерлер керісінше өз басшылары қандай жұмыспен айналасып отырғанын және қабылдауға келген азаматтарды осы "Open Spase"-форматы арқасында қадағалап көріп отырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сервистік әкімдік» қағидаты бойынша мемлекеттік органдары жұмыс жасау туралы тапсырма берген болатын.

Мұндай әдіс мемлекеттік қызметшілердің жаңа ұйымдастырушылық мәдениеті екенін, азаматтарға сапалы, жедел және жайлы жағдайда қызмет түрлерін алуға мүмкіндік беретінін, кабинеттік жүйеден «Open Space» форматына өту мемлекеттік органдардың ашық әрі қолжетімді екенінің көрсеткіші деп атап өтті.

open181220-1

Осы тапсырманы бұлжытпай орындаған, осыдан 7 ай бұрын тағайындалған Жалғансай ауылдық округі әкімі Ғибрат Ғалымжанұлы Мырзағалиды ерекше атап өтуге болады. Себебі, Махамбет ауданы бойынша барлық мемлекеттік органдары ішінде бірінші болып және үлгі болатындай тек Жалғансай ауылдық округінің әкімі өз кабинеті мен қызметкерлері ортасын әйнек жарымен бөлген. Сөйтіп, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға себепші болып отыр. Олай дейтініміз, Ғ. Мырзағали өз қызметкерлерін қаңдай жұмыспен айналасып отырғанын, қанша тұрғындар келгенін, тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, ал қызметкерлер керісінше өз басшылары қандай жұмыспен айналасып отырғанын және қабылдауға келген азаматтарды осы "Open Spase"-форматы арқасында қадағалап көріп отырады.

akim181220

 -Жаңа «Open Space» форматындағы үлгісіндегі қабылдау бөлмелері жергілікті тұрғындардың жауапты қызметкерлермен ашық түрде еркін байланыс орнатуына және алаңдатқан түйткілді мәселелерінің жедел шешілуіне тың мүмкіндік береді. Жұмыстың жақсартылған форматы келушілерге мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға бағытталып отыр. Сонымен қатар ауылдық округте өзіне-өзі қызмет көрсету орны жабдықталған. Мұнда тұрғындар халыққа қызмет көрсету орталығының бірқатар қызметтерін электрондық цифрлық кілт арқылы ала алады.

Мемлекет басшысы Жолдауда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді деп атап өткен. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады, -дейді Жалғансай ауылдық округі әкімі Ғибрат Мырзағали.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521