Бөлімде жаңа басшы

Бүгін аудан әкімі Ринат Джанглишов аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жаңа басшысын таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Исмағанбетов Нариман Хамидоллаұлы 02.03.1986 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2009 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетін, 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін, 2020 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін тарих, құқықтану, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру мамандықтары бойынша бітірген.

2011 – 2014 жылдар аралығында Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Каспий өңіраралық көлік инспекциясының автомобиль көлігі басқармасында бас маман, 2014-2018 жылдары «НурКапСтройГаз» ЖШС-де директор, 2019-2020 жылдары Атырау облыстық құрылыс басқармасында бас маман 2020 жылдан күні бүгінге дейін Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз