Есболдық ардагер ұстаз ауданның құрметті азаматы атанды

Құттықтаймыз, Бұл білім саласындағы көп жылғы еңбегіңіздің нәтижесі деп білеміз.

Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.

Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

zaryapai141220

Міне, осындай Есбол ауылына еңбегі сіңген ардагер ұстаз Зәру Атенқызына Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының төрағасы Қылышбай Сүндетұлының бастамасымен, Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Бахуұлының және Махамбет аудандық мәслихат аппаратының хатшысы Марат Оразұлының қолдауымен, Есбол орта мектебінде 2020 жылдың 14 желтоқсан күні, яғни бүгін «Махамбет ауданының Құрметті азаматы» атағы төсбелгісі табысталып, марапатталды.

k

Құттықтаймыз, бұл білім саласындағы көп жылғы еңбегіңіздің нәтижесі деп білеміз.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521