Хоббиін кәсібіне айналдырған Жания

Бақытын еңбектен тапқан.

Кішкентайынан әжесінің жанында отырып жүн түтіп, ұршық иіруді, шұлық, жемпір тоқуды меңгерген ІІІ топ мүгедегі, құлағының мүкістігі бар Жания Шауменова денсаулығына байланысты мектептің 8-сыныбын бітіріп, әрі қарай білім алуға мүмкіндігі болмаған. Тек бір айлық аспазшылық курсынан өтеді. Оның өзінде де тәжірибесі болмағандықтан екі қолға бір күрек таба алмай сандалады. Ал осыдан екі жыл бұрын, яғни 2018 жылдың көктемі Жания Шауменованың тағдырына жаңа өзгерістер алып келіп, өзіне деген сенімді тудырды. Ол - «Қолтаңба» шеберханасы жобасы еді. «Мүгедек әлемі» ұйымының төрайымы мен мамандары Махамбет ауданына келіп, жобамен таныстыру аясында қолөнерден шеберлік сағаттарын өткізеді.

j

- Осы уақыттан бастап қолөнер бұйымдарын жасауға қызығушылығым оянды. Бұған дейін мұндай істің қолымнан келетіндігіне сенбеген едім. Міне, енді осы іске бар махаббатыммен, ынтамен жасай отырып, өз қолымнан шыққан бұйымдарды әлеуметтік желілер арқылы сатып келемін. Өнерім арқылы жергілікті мемлекеттік органдардың назарына түсіп, зейнетақыма үстеме қосыла бастады. Өміріме үлкен өзгеріс әкелген өнердің биік шыңына шығып, жеке шеберхананы ашу ойда бар,- дейді Ж.Бимұратқызы.

jan071220-2

Қазіргі уақытта аудан орталығындағы «Бизнес инкубаторда» бір бөлмені жалға алып, іс тігумен,онымен қоса тігіншілерге қажетті құралдарды сатумен айналысып отыр. «Ділдә» атты жеке кәсіпкерлігін ашуға «Бастау Бизнес» курсы сеп болған. Осы жобадан кейін 505 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болып, хоббиі кәсібіне айналады.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT