Атырауда коронавирус індетін жұқтырған 44 адам анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 44 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Атырау облысында өткен тәулікте 44 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 10-ы Атырау қаласынан тіркелген.

Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 32 жұмысшыдан, Жылыой-1, Мақат ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8- інде ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 88 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 354 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 63 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 25 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» тұр.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT