А.Шпекбаев жұмыс сапарымен Махамбетте болды

Халықпен кездесу барысында Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзгерістері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Жұмыс барысы бойынша қызметкерлерге сұрақтар қойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Атырау облысына жұмыс сапарына байланысты Махамбетте болды.

Ауданындағы ашықтық, айқындық және есептілік қағидаттарының іс жүзінде іске асырылуымен танысты. Сондай-ақ ауданымыздағы «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының жаңа әкімшілік ғимараты болды. Онда биыл 23 мыңнан астам мемлекеттік қызмет оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы электрондық онлайн-нұсқада 12 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Олардың жұмысымен танысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосының басшысы ел басшылығының мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жөніндегі тапсырмасының орындалғанын атап өтті.

«Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіреді. Көрсетілетін қызметтердің 90%-дан астамы халыққа онлайн көрсетіледі. Бұл тұрмыстық жемқорлықты барынша азайтты», - деді А.Шпекбаев.

Халықпен кездесу барысында Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзгерістері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Жұмыс барысы бойынша қызметкерлерге сұрақтар қойылды.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521