Махамбет ауданында 1 адамнан COVID-19 жұқпасы анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 43 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Атырау облысында өткен тәулікте 43 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 16-сы Атырау қаласынан тіркелген.

Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 23 жұмысшыдан, Жылыой-3, Махамбет ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 9-ында ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 44 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 370 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 71 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 24 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймаққа» енді.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521