Сарытоғайдағы «Арай» лагері жанданды(+ФОТО)

Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі жанындағы «Арай» балалар- сауықтыру лагері.

Еліміздің егемендігінің арқасында көңіл марқайтатын дүниелер бірінен кейін бірі орын алып, Қазақ елі толайым табыстар мен жетістіктерге жетіп келеді.

Махамбет ауданында да мектеп, балабақша, аурухана, кәсіпкерлік нысандар бой көтеріп, өңірге сән берер сәулетті құрылыстар жүргізілді. Соның бірі - өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталып, осы жылы аяқталған Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебі жанындағы «Арай» балалар- сауықтыру лагері.

lag231220-1

Жалпы алаңы 2 гектарды құрайтын лагерь ауласы қураған ағаштардан тазартылып, орнына 700 түп алма, алмұрт және қайың ағаштары, 4 мың шаршы метрге бұта тұқымдас ағаштар отырғызылып, 2 мың шаршы метрге көгал егілді.

l

Ойын алаңқайлары, ашық спорт алаңдары, жазғы демалыс орындары балалардың жас ерекшеліктеріне қарай салынды.

plo231220

d

a

Лагерьдің жатақханасы мен асханасының алдына брусчаткалар, жан-жағына түгелдей асфальт жабындылары төселген. Екі жатақхана, асхана толық жөндеуден өтіп, жаңа жиһаздар, сапалы ағаштан жасалған кереуеттер, заманауи тамақ пісіру құралдары және тоңазытқыш құралдарымен жабдықталған.

s

- 120 орынға арналған лагерьдің күрделі жөндеу жұмыстарын «Гамма-С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Аулаға толығымен сапалы қоршау жүргізіліп, жазғы және қысқы душ бөлмелері, қойма, әжетхана, автотұрақ бой көтерді. Көгілдір отын жүйесі тартылып, судай жаңа жылу қазандықтары іске қосылды. Лагерь жарықпен толық қамтамасыз етілген. Жалпы елдегі жағдай толығымен қалыпқа келгеннен кейін аудан балаларын керемет демалыс күтіп тұр, - дейді лагерь директоры Райса Балтабайқызы.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521