Медицина мамандары тәжірибе алмасты

Атырауға медицина саласының өкілдері ковид инфекциясы бар пациенттерді қолданыстағы клиникалық хаттама бойынша емдеудің алгоритмдерімен танысу үшін келген.

Әлемде және Қазақстанда COVID-19 індетінің таралуына орай Атырау облыстық ауруханасы базасында еліміздің батыс өңірінің дәрігерлері бас қосып, тәжірибе алмасты, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырауға медицина саласының өкілдері ковид инфекциясы бар пациенттерді қолданыстағы клиникалық хаттама бойынша емдеудің алгоритмдерімен танысу үшін келген. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің мамандары жұқпалы аурулар және балалар инфекциясы кафедрасының жетекшісі М.Құрманғазин, анестезиология және реаниматология кафедрасының жетекшісі Ж. Саркулова, отбасылық медицина және алғашқы көмек көрсету орталығының доценті Т. Острецова, клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Н.Мусин арнайы келіп, атыраулық дәрігерлермен тәжірибелерін бөлісті.

Тәжірибе алмасу – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша өтті.

Мамандар облыстағы мемлекеттік және жеке меншік нысандағы 5 емханада болып, жұмысын ұйымдастыру және емханадағы фильтр бөлімі жұмысы бойынша ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, дәрігерлер инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімшесін қоса алғанда, стационарлық жағдайда ем алып жатқан пациенттердің жағдайымен танысты.Екі ай бойы салынған жаңа модульдік инфекциялық стационарды да қарап шықты.

Сапар қорытындысында, эпидемиологиялық, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, инфекциялық стационардағы емдеу тәсілдері, сақтық шаралар туралы кеңінен талқыланды. Оқу, тәжірибе алмасуға бейнеконференция байланысы арқылы облыстың орталық аудандық ауруханалары да қосылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT