Республикалық штаб мүшелері – Махамбет ауданында

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департамент директоры Бақберген Қарабаев, Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идрисов пен Жастар саясаты департаментінің директоры Бибінұр Қорған бастаған «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілдері Махамбет ауданына келді.

Олар аудан ұстаздарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңның орындалысы, ұстаздардың жағдайын жасау, құқықтарын қорғау, оқулықтардың сапасы, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, әлемдік деңгейдегі пән кабинеттерін жасақтау, жас мамандарды жұмысқа тарту бойынша жасалып жұмыстар туралы айтылды.

kez231220-1

- Негізгі мақсатымыз – бағдарламаға сәйкес алдағы 5 жылда қандай жұмыстар жасалатындығын және партияның мақсаты мен міндеттерін халыққа таныстыру. Сондай-ақ, ұстаздармен кездесуде олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, көкейде жүрген сұрақтарына жауап беру де маңызды. Біздің байқағанымыз, педагогтардың партияның сайлауалды бағдарламасына деген көңілдері толып, сенімдері молайған. Сайлаулады штабтың мүшесі әрі облыстық мәслихатқа кандидат ретінде «Nur Otan» партиясының бес жылдық бағдарламасының орындалысын бақылайтын боламыз, - деді С.Идрисов.

kez231220-2

Үгіт-насихат тобы өз жұмысын Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жалғастырып, жастардың пікірлеріне құлақ түрді. Партия өз қатарын жастармен толықтырып отырғандығы, алдағы сайлауда да жастарға сенім артылғандығын жеткізілді.

"Nur Otan" партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз