«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы партия ардагерлерін 1 наурыз - Алғыс айту күнімен және көшбасшы партияның туған күнімен құттықтады.
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әженов,аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы С.Жайлашев ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, аудан дамуына үлес қосқан партия ардагерлері Ұзақбай Төлегеновке және Жетпісбай Сүлеумұханов ағамыздың жолдасы Халифа Харесқызына құттықтауларын жеткізіп, алғыс хат пен гүл шоғын ұсынды.
Сонымен қатар, Алғыс айту күні «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы мүшелерінің қатары толықты.
Олардың сапында кәсіпкерлер мен білім беру ұйымдарының мүшелері бар.
- Елбасы атап өткендей, «Nur Otan» партиясы әрқашан негізгі үш қағиданы басшылыққа алады және оны берік ұстанады. Бұл – жауапкершілік, бірлік және ортақ мақсатқа деген адалдық. Біздің аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды талдау негізінде партияның алдағы бесжылдық «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалысының іс-шара жоспары бекітілді. Алға қойған мақсаттар мен міндеттерді сапалы жүзеге асыру партияның әрбір мүшесіне байланысты,- деген партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әженов қатарға қосылған нұротандықтарға партия билетін салтанатты түрде табыстады.
Өз тілшіміз