«Вест-Дала» ЖШС көп жылдан бері қайырымдылық іс-шараларымен айналысып келеді.
30 желтоқсанда серіктестік аудандағы мүмкіндігі шектеулі 65 балаға 2500 теңгеден ақшалай көмек берді. Көмекті Махамбет ауылдық округінің ғимаратында «Вест-Дала» ЖШС адам ресурстары бөлімінің басшысы Рыскүл Баженова тапсырды.
Аудандық мүгедектер қоғамы төрағасы Жолай Түгелбаевтың айтуынша, тазалық жұмыстарымен айналысатын «Вест-Дала» ЖШС көптен бері қайырымдылық істерімен айналысып жүр екен. Сонымен қатар жеке жанұя Әділет Мырзабаев Сарытоғай ауылындағы 11 адамға өз көмегін берген. Басқа округтерде өз үлестерін қосуда.
Мүмкіндігі шектеулі студент Ақжол Кенжеғалидың анасы Қамажай Томанова да серіктестікке алғысын айтып, әңгіме алған-бергенде емес, назар аударуда екенін, ұлының спортта жеткен жетістіктеріне қуанатынын жеткізді. Мүгедектер қоғамының төрағасы Ж.Түгелбаев әркез мүгедек жандарды назардан тыс қалдырмай, қайырқомдық көрсетіп жатқан «Вест-Дала» ЖШС ұжымына, өкілі Р.Баженоваға алғысын жаудырды.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің мүгедектермен жұмыс бас маманы Г.Үмбетова да жаңа жылдық сый-сияпат ұсынған серіктестік өкіліне шынайы ризашылығын білдірді.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА