Өз ісінің жетік маманы

Айгүл - өз ісінің жетік маманы

Мереке қарсаңында қылмыстық атқару жүйесінің департаментіне қарасты Махамбет аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы, әділет капитаны Молдашева Айгүл Теңелбайқызы туралы сөз қозғамақпыз.

Айгүл Сарытоғай ауылының тумасы. Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің заңгер факультетін бітірген. Алғаш 2010 жылдың наурызда Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесіне бақылаушы-тағылымдамашы болып, еңбек жолын бастаған.

Ал 2016 жылғы қарашадан бастап Жылыой аудандық пробация қызметіне инспектор болып ауысқан екен. Қазіргі таңда Махамбет аудандық пробация қызметі тобының аға инспектор лауазымын атқару үстінде.

Айгүл аудандық пробация қызметі тобында еселі еңбек етіп жүр. Ол істі болғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес, заңмен анықталған жаза түрлерін орындау, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатқан, шартты түрде сотталған, шартты түрде босатылған сотталғандарға бақылау жасау жұмыстарын барынша атқаруға жұмыстанады.

- Жүрек қалауымен таңдаған мамандығыма еш өкінбеймін. Қылмыстық –атқару жүйесінде инспектор болу шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Өйткені, біз сотталғандармен жұмыс жасаймыз. Олардың арасында мінездері ауыр сотталғандар да бары рас. Кейде олар бізге дөрекі сөйлеп жатса да, еш ашуланбай, әрдайым сабырмен қабылдап, алдын алу жұмыстарын, ашық әңгімеге тартуға тырысамыз. Барлық адам өз қалауындай өмір сүргісі келеді. Дегенмен, абайсызда өмір жолында шалыс басып, қылмыс жасағандар да қоғамнан шеттетілмеуі тиіс. Керісінше әлеуметтік - құқықтық, тегін медициналық көмек, жұмыссыз сотталғандарды жұмысқа орналастырып, оларды қоғамға қайта бейімдеуіміз керек, -дейді ол.

Жалпы Айгүлді қызмет атқару барысында тәжірибелі маман, жауапкершілігі мол, еңбекқор, қайырымды, жастарға үлгілі, үздік қызметкер ретінде жақсы білемін. Мен Айгүл Теңелбайқызын келе жатқан 8 наурыз - халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, зор денсаулық, мол бақыт, отбасына береке-бірлік, жұмыста табыстар тілеймін.

А.КАБДЫКАЙРОВА,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы,

әділет капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521