Махамбетте 60 пәтерлік үйдің кілті тұрғындарға табысталды

Аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімімен 32 пәтер көпбалалы отбасыларға, қалған 22 пәтер әлеуметтік осал топтарға және кәмелет жасына толған жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар санатына жататын 6 аудан тұрғынына берілді.

Конституцияның 25 жылдығы қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға пәтер кілті табысталды.

Ұзақ жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған 60 адамға баспана кілтін табыстау салтанаты барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра ұйымдастырылды.

k

- Аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімімен 32 пәтер көпбалалы отбасыларға, қалған 22 пәтер әлеуметтік осал топтарға және кәмелет жасына толған жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар санатына жататын 6 аудан тұрғынына берілді. Екі және үш бөлмелі үйлердің сапасы жоғары деңгейде, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі, тағдырдың жазуымен арбаға таңылған жандарға арнап, арнайы пандус салынған. Және бұл жандарға пәтер бірінші қабаттан берілді. Ата Заңымыздың мерейлі күнімен қатар келген қоныс тойларыңыз құтты болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігімі арта берсін. Кезекте тұрғандардың бәріне алдағы уақытта үй берілетіндігін, сол бағытта жұмыстар жасалып жатқандығын айта кеткім келеді,- деді аудан әкімінің орынбасары З.Жаңабайұлы.

ui-260820

Шұғыла мөлтек ауданының №1 көшесінде орналасқан пәтерлер жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, толық емес және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, сонымен қатар, әлеуметтік жағынан халықтың осал тобын құрайтын басқа да санаттарына жататын азаматтарға берілді. Баспаналы болған азаматтар мемлекеттің көрсетіп отырған қолдауына алғыс білдіріп, пәтер бөлмелерін аралап көрді.

syrga260820

«Жеті жылдан бері пәтер жалдап тұрып келдік. Бүгін міне, отбасымыздың қуанышына орай баспаналы болу бақыты бұйырып жатыр. Бізге қамқорлық көрсеткені және қолдау білдіргені үшін мемлекетке көп рахмет. Бүгін біз үшін қуанышты күн. Отбасымызбен ұзақ уақыт бойы пәтер жалдап тұрдық. Баспана мәселесін өз бетімізше шешуге мүмкіндігіміз болмады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгін біз екі бөлмелі пәтерге ие болдым», дейді аудан тұрғыны Амангелді Жалекеев.

60yi-4-260820

Айта кету керек, соңғы жылдары Махамбет ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жергілікті тұрғындарды тұрғын үймен қамту мәселесі оң шешім тауып келеді.

ui-2260820

Келер жылға 60 пәтерлік 4 үйдің жәе 36 пәтерлік 3 үйдің жобалық-сметалық құжаты жасақталып, құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. 800-ге жуық үй кезегіндегі аудан тұрғындары баспаналы болсын дей отыра, бүгінгі пәтер иелеріне редакция ұжымы атынан құтты болсын айтамыз.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521