Мектеп – баланың екінші үйі. Балалар мектеп есігін ашқан сәттен бастап білім мен тәрбие ордасына енеді.
Тәрбиені бойға дарытуда өзін-өзі тану пәнінің алатын орны ерекше. Алтын жүректі ана іргесін қалаған асыл оқулықтың «Өзін-өзі тану – махаббат пен шығармашылық педагогикасы» апталығы жылма-жыл өз жалғасын тауып келеді. Осы орайда 2-12 ақпан аралығында Талдыкөл орта мектебінде де аталмыш апталық ұйымдастырылды. Апталық аясында түрлі шаралар, ашық сабақтар, тренингтер және қайырымдылық акциясы болып өтті.
Атап айтқанда пән мұғалімі А.Жұмашева «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесін жасақтады. Бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларымен «Бақыт үйі», «Бақыт ұясы» атты шығармашылық жобалар ұйымдастырылды.
Сонымен бірге жоспарға сай өзін-өзі тану пәнінің негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмірінен үзінді ретінде бейнефильмдер оқушылар назарына ұсынылды. Апталық соңында балалар жүрегіне жылулық сыйлау мақсатында мектеп әкімшілігі және жеке мұғалімдер атынан аз қамтылған, көпбалалы отбасындағы балаларға көмек көрсетілді.
Бұл апталық барысында оқушылар өміріне керекті құнды мәліметтерді ала отырып, бойларына қайырымдылық, бауырмалдық, мейірімділік қасиеттерін сіңіре алды деп ойлаймыз.
Апталыққа белсене қатысқан мұғалімдер мен оқушыларға зор алғыс білдіреміз. Елімізідің іргесіне берік іргетас болып қаланатын саналы ұрпағымыз көп болсын.
А.ҚОНЫСОВА,
Талдыкөл орта мектебінің мұғалімі