«Қайырымды істер марафонына» махамбеттік жастар қосылды(+ВИДЕО)

Аудан жастары жұмысшыларға ыстық тағам таратты.

Аудан жастары жұмысшыларға ыстық тағам таратты.

Ауыл тазалығы тұрғындардың да жіті назарына алынып, жұмыс қызу жүргізілуде. Өйткені көше тазалығы – ауыл көркі, халықтың қамы.

Күнін суығына қарамай ауданымыздың тазалығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жұмыскерлерге ыстық шәймен тіске басарлар таратылды.

j

Сонымен қатар аудандық жастар ресурстық орталығы және "Jas Otan" ЖҚ ұйымдастыруымен "Ардагерлерді ардақтайық" және "Қайырымды істер марафоны" аясында еріктілердің көмегімен ауданымыздың қарттарының аулаларын қардан тазалау жұмыстарын жүргізді.

«Ауданымыздың тазалығы үшін күннің суығына қарамай еңбек етіп жүрген жұмыскерлерге алғысымыз шексіз. Бұл біздің алғашқы немесе соңғы қолғабысымыз емес, алдағы уақытта мұндай игі істеріміз өз жалғасын табатын болады. "Қайырымды істер марафоны" жыл соңына дейін жалғаспақ. Осы орайда қайырымдылықпен айналысам деуші аудан тұрғындарын, жастарын күтеміз. Жақсылық жасап жарысайық»,- дейді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Дүйсенбаев.

Жалындаған жастардың бұл қайырымды ісіне жұмысшылар мен ардагерлер алғыстарын білдірді.

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521