Әскери жолды таңдаған Жанар

Әскери жолды таңдаған Жанар

Халқымыз қашанда нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған.

Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында белсенді еңбек етуде. Әйел қандай қызмет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда. Сондай ізгі жанның бірі- Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр саясаты тобының бас маманы, әділет майоры Еспусинова Жанар Жалгаскалиевна.

Жанар- Атырау қаласының тумасы. Ол алғашқы еңбек жолын 2009 жылы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаметінің УГ-157/9 мекемесінде бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы лауазымынан бастаған. Араға жылдар салып, Жанар департаменттің кадр саясаты тобының бас маманы лауазымына дейін жоғарылады. Аталмыш мекемеде жұмыс істеу барысында білімділігі мен біліктілігін көрсете білді. Құзыретіндегі жұмыстардың сапалы орындалуына ерекше көңіл бөледі, жеке құрам арасындағы ұйымдастырған әр іс-шарасы мерекеге толы болды десек, қателеспейміз. Әріптестері арасында қадірлі, сыйлы, кішіпейіл, қолынан келер іс болса, бар көмегін аяп қалмайды.

Біз көктемнің алғашқы мейрамы 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында тұспа-тұс келген 5 наурыз алтын арайлы туған күнімен құттықтап, Сізге мықты денсаулық, бақытты ғұмыр, отбасына амандық, жанұясына шаттық, қуаныш тілейміз.

А.КАБДЫКАЙРОВА,

аудандық пробация қызметі тобының инспекторы,

әділет капитаны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT