Махамбетте «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды

Бүгінгі күннен бастап «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы өтуде.

Аудан аумағында ағымдағы жылдың 21-30 маусым аралағында тұрмыстық зорлық-зомбылықттың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акция өтеді.

Аталмыш іс-шараның мақсаты - дәстүрлі отбасылық құндылықтарын және қоғамның адамгершілік қағидаларын жаңарту, азаматтардың полицияға сенімін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік консультация беру, сондай-ақ, өңірлерді сенім телефондары мен дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа хабарлау болып табылады.

Іс-шара өткізу кезінде мемлекеттік және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы орғандар, білім, денсаулық сақтау және т.б. органдар өкілдерінің қатысуы міндетті түрде көзделген.

Лаура КУАНЫШБАЕВА,

Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің әйелдерді

зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы,

полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз