Акция барысында беймезгіл уақытта тыйым салынған жерлерде жүрген балалар тексерілді.
Балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды кешкі және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және үй-жайдан тыс анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 17-20 маусым күндері аралығында аудан көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өтті.
Алкогольдік ішімдік ішетін, заңды өкілдердің ілесіп жүруінсіз түнгі уақытта үй-жайлардан тыс болатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бағытында жұмыстар ұйымдастырылды. Жедел профилактикалық іс-шара кезінде бөлім қызметкерлерімен бірнеше құқық бұзушылықтар анықталды.
Жасөспрім балаларының мінез-құлқына теріс әсерін тигізіп, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған, жиі алкогольдік ішімдік ішетін тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 127бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Сонымен қатар, түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүрген 9 жасөспірімнің ата-анасына ескерту берілді. Рейдтік іс-шараға қатысқандар тарапынан кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерлерде әке-шешелерінің қадағалауынсыз немесе заңды өкілдерсіз жүруге тыйым салынғандығы ескертілді. Осылайша, түнгі торуылға шыққан тәртіп сақшылары қаңғыбастылыққа бейім кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытында анықтап, жүгенсіз жүргендерді жөнге салды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен рейдтік жұмыстар жалғастырылады.
Ж.ДІЛМАҒАМБЕТОВА,
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды
полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік
полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты