Көше шамдары жарқырап тұр

Тұрғындар ауылішілік жол салынса, ауылға дәрігер маман жіберілсе, жаңа мөлтек ауданға электр желісі тартылса, интернет желісінің жыдамдығы артса деген ұсыныс-тілектерін білдірді.

Жалғансай ауылдық округ әкімінің өткен жылғы есеп беру кездесуіндегі айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалысы туралы баяндаған ауыл әкімі Ғибрат Мырзағали Отаров көшесінің қалған бөлігіне жарық шамдарын орнату «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында іске асырылып, көше шамдары толықтай жанып тұрғанын, орындаған мердігер – «Н.К.Дәулетов» ЖК екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ауыл ішінде спорт алаңы құрылысын салу үшін облыстық қаржы басқармасынан аудандық құрылыс бөлімі арқылы ЖСҚ үшін қаржыға сұраныс берілгенін де жеткізді. COVID-19 пандемиясы кезінде округтегі әлеуметтік нысандар мен сауда нүктелерінде залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізілді. Ауылдық округ әкімінің өкімімен құрылған мониторинг тобымен сауда нүктелерінде рейдтік шаралар мен түсінік жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Сонымен қатар, коронавирус індетіне қарсы ең қорғансыз күйдегі қарттарды қорғау үшін үй шаруасында, соның ішінде ауласын тазалау, әктеп, жинау арқылы қол ұшын тигіздік. Елімізде ақ халатты абзал жандардың құрметіне «Nur Otan» партиясының «Дәрігерлерге көмек» республикалық акциясы аясында Жалғансай ауылдық дәрігерлік емханасының қызметкерлеріне азық-түлік өнімдері табысталды. «Құлагер» шаруа қожалығының демеушілігімен 24 аз қамтылған отбасыға жылқы малы сойылып, тегін таратылды, ал ауылдың жастары мен «А.Сиджанов», «Т.Байчуакова» және «Рамазан» шаруа қожалықтары азық-түлік себетін табыстады.

-Жалғансай ауылдық округінде: 4 дүкен, 1 демалыс орын, 1 қонақ үй мен 1 кэмпинг жұмыс жасауда. Сонымен қатар, Жалғансай ауылдық округке қарасты жерінде «Промгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі газ құю стансасы құрылысын жүргізуде, 2021 жылы іске қосылады. Тұрғындарды арзан ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамту үшін округте жаз-күз бойына ауыл ішінде әр аптаның сәрсенбі және сенбі күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Округ бойынша көпбалалы отбасы саны – 47. Оның ішінде аз қамтылған отбасы саны – 10. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан бері 4 отбасындағы 22 адамға тағайындалса, 3 отбасындағы 9 адамға 79 530 теңгенің қаржылай материалдық көмегі көрсетілді, –деді Ғ.Мырзағали.

Тұрғындар ауылішілік жол салынса, ауылға дәрігер маман жіберілсе, жаңа мөлтек ауданға электр желісі тартылса, интернет желісінің жыдамдығы артса деген ұсыныс-тілектерін білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT