Ақжайық ауылына қоныстанушылар саны артып келеді

Мал басында 103 пайызға өсім бар. «Дастан», «Жұмағалиева Н.М» шаруа қожалықтары 153 гектарға егін өнімдерін еккен.

Ақжайық ауылдық округінде орын алған өзгерістер аз емес.

Ауылда әрбір еңбекке жарамды азамат өз бойындағы қабілет-қарымына қарай жұмыс жасап,өзінің де, елдің де тұрмысын жаңғыртуға атсалысуда. Ауылдың сәулетін арттырып, жаңаша келбетте тұрғын үйлер салып,қоныстанушы отбасылар көп.

- Ақжайық ауылдық округінде 2021 жылдың 1 қаңтарына халық саны:1187 адам. Оның ішінде еңбекке жарамдысы –657, жұмыс жасайтыны –593, жұмыссыздар мен бала күтімінде отырғандар –38, зейнеткерлер –116, мүгедектер –34, үй саны203. Округ аумағында 14 шаруа қожалығы тіркелген, бүгінгі таңда олардың 2-уі жұмыс жасамай тұр. Ауылдық округ әкімінің былтырғы есебінде айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жасақталған іс-шаралар жоспары бойынша келесідей мәселелерді шешу жоспарланған болатын. Соның күні бүгінге орындалысына тоқталсақ:

– Ауыл тұрғыны Сарсенғалиеваның өтініші бойынша шарбағынан жоғары кернеулі электр желісі өтуіне байланысты өтініш түсіп, өтініші қанағаттандырылды.

-Жайық жағасын, тоғайды тазалау жұмыстары бойынша айтылған пікір үнемі қаперге алынып, орындалып отырылады, – деді есеп беру барысында Ақжайық ауылдық округінің әкімі С.Жұмағалиев.

Мал басында 103 пайызға өсім бар. «Дастан», «Жұмағалиева Н.М» шаруа қожалықтары 153 гектарға егін өнімдерін еккен. «Жұмағалиева Н.М» 2020 жылдан бастап егінге қоса мал өсірумен айналысып, болашақта су тоғанын жасап балық өсіруді, құс шаруашылығын дамытуды және балық, ет өнімдерін консервілеу зауытын салуды жоспарлап отырған жайы бар. Құрылыс жұмыстарына ауылдағы бос жүрген жұмыссыз жастар тартылып, жұмыс жасауда. Ал, Құмшығанақ қыстағындағы «Қарылғаш» шаруа қожалығы жеміс ағаштарын өсірумен айналысып келеді. Биыл 7 ауылАйсары каналына 80 км-ге дейінгі жерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Енді болашақта жер алып егін салып, мал өсірем деушілер осы жерлерден шаруашылық аша алады.

Ауылдың болашақтағы даму бағыты жасақталып, бас жоспарға сәйкес 250 үйге арналған алаңға газ, электр желілерін тарту жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, ауылдың ішіндегі аяқталмай қалған көшенің қатарларынан да үй салу үшін жер телімдерін беру жоспарлануда. Округтегі инфрақұрылым жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания ауа-райына байланысты жұмыстарын уақытша тоқтатып, осы жылы күн жылына қайта жалғастырады. Соның ішінде көшелерге жарық шамдарын қондыру, трансформатор, газ шкафтарын орнату, кезең-кезеңімен таза ауыз су, жазғы су желілері мен жол салу жұмыстары жасалады. Ауылымыздан 12 км жердегі 7 ауылҚұмшығанақ қыстағында 10 үй тұрады. Болашақта осы ауылды көгілдір отынмен қамтып, мал шаруашылығымен айналысатын адамдарды тартып, өркендету көзделуде.

Тұрғындар тарапынан: «Ауылдағы асфальт түспей қалған көшелерге асфальт түсе ме? Жазғы су желілерінің ескірген жерлері жаңартылады ма?» – деген сауалдар қойылды. Асфальт түспеген екі көшеге жол келесі жылы жүргізіледі. Жазғы су желілерін жаңартуға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс берілді, осы жылы жүзеге асады» деген жауап берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT