Алғада 183 жаңа жұмыс орны ашылды

Алға ауылдық округі бойынша халық саны –2227, 356 тұрғын үй, 205 зейнеткер. 2020 жылы ауылдық округ бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа 109 адам тартылып, әр түрлі бағыттағы 183 жаңа жұмыс орны ашылған.

«Ақбұлақ» бағдарламасымен салынған Таза су қондырғысының автоматты желілері іске қосылып, ауыл халқын үздіксіз сумен қамтамасыз етіп отыр.Көшелерді жарықтандыруда 62 жарық нүктесі жұмыс жасап тұр. Биылғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Қ.Иманғазиев көшесіне 17, Ө. Жиеналиев көшесіне – 10 көше шамы орнатылды.

«Алға-Егіз» каналы күрделі жөндеуден өтіп, 22 шақырым участігіне су жіберілді. Оны «АтырауСуШар» мекемесі өз қызметі арқылы қамтамасыз етіп отыр. Жалпы, ауылда тұратын адамдардың үлесі еліміздегі барлық халықтың 40 пайызынан асып түсетінін ескерсек, ауыл халқының күнделікті тыныс-тіршілігі, сапалы білім алуы, білікті медициналық қызметпен қамтылуы, әлеуметтік жағдайлары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып қала берері сөзсіз, – деген ауыл әкімі Расул Мусин алда тұрған шешілуі керек мәселелерге де тоқталды.

Жайық өзені жағалауын көктемгі су тасқынынан қорғау үшін бекіту жұмыстары бойынша «Тека Проект» ЖШС мекемесі 25 983 000 теңгеге 3284 метр жағалауды бетондауға жобалық-сметалық құжаттарды жасақтады. 2018 жылы 18 маусымда сараптамадан өтті. 5,560,212,000 теңге қаржы қарастырылып, 2021 жылы шешімін табады деп күтілуде. Алға мәдениет үйі 1954 жылы салынған, екі рет күрделі жөндеу болғанына қарамастан ескірген. Қабырғалары жарылып тұр. Жаңадан мәдениет үйі құрылысы жоспарланып, басжоспар бойынша белгіленген жердің құжаттары аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы жасақталуда. 200 орындық мәдениет үйі құрылысына жабалау-сметалық құжаттама жасақтауға 2020 жылға 5 464,0мың теңге бөлу үшін Атырау облысы құрылыс басқармасына сұраныс жолданды.

Ауыл бойынша тұрғын үй үшін жер алуға 235 адам кезекте тұр. Әлі де жер сұраушылар көп. Бұрыннан ауылдың солтүстік-шығысынан жер алған тұрғындардың тең жартысы инфраструктура болмағандықтан үй сала алмай отыр.Ол жаққа жаңа қуатты трансформатор қондырылды, енді электр желісін тарту,су, газ желілерін толықтай жүргізу керек. Ал бас жоспар бойынша енді жер берілетін оңтүстік-шығыс жаққа инфраструктура жүргізу жұмыстары оң шешімін тапты.Кезек бойынша жер телімін беру жұмыстарыуақытымен жасалады. Алға ауылының жаңа мөлтек ауданына инфрастркутура жүргізу үшін 522,308,000 теңге сараптамадан өтті,қаржысы бөлініп конкурстан жеңімпаз анықталды. 160 орындық балабақша құрылысын жүргізуге 696,860000 теңге қажет. Сараптамадан өтіп, қаржы қарастырылуда.

Жарыссөзде пікір білдірген ауыл тұрғыны Таймус Кушенов ауыл әкімінің өткен жылғы жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT