Халық алғысына бөленгендер марапатталды

Халық алғысына бөленгендер марапатталды

Елімізде тұңғыш рет Алғыс айту күні осыдан 5 жыл бұрын атап өтілген болатын.

Содан бері бұл мереке қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күніне айналды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан жылдағы дәстүрден жаңылмай, биыл да халық алғысына бөленіп жүрген жандар құрметке бөленді. Махамбет аудандық әкімдігінде пандемия уақытында қажырлы да адал қызмет атқарған қызметкерлерді марапаттау шарасы өтті.

akimat10321-2

- Қазіргі таңда Алғыс айту мерекесі қазақстандық патриотизмның, достық пен бірлігіміздің, мәдениетіміздің жарқын үлгісіне айналып келеді. Мемлекет басшысының міндеттерін, облыс әкімінің тапсырмаларын орындау мақсатында біз аудан халқының бірлігін нығайта отырып, татулық пен келісімнің бірегей үлгісін қылыптастыра білдік. Әлемді жайлаған пандемия кезінде барша халық «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білді. Оның ішінде сіздердің еңбектеріңіз де бар екені анық. Баршаңызға белсенділіктеріңіз, қайырымды істеріңіз, қамқорлықтарыңыз үшін шын ризашылығымды білдіремін, - деді аудан әкімі Ринат Джанглишов өзінің құттықтау сөзінде.

a

Коронавирус инфекциясы алқымнан алып, төсекке таңытқанда, карантиндік шектеулер талайға тұсау салғанда қарап қалмай, қолда барын бөліскен аудан кәсіпкерлері, еріктілер, медицина, құқық қорғау органы қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

Сондай-ақ, марапат иелерін білім саласының ардагері, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Жібек Мұғауова, облыстық мәслихат депутаты Әділ Жұбанов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Сабиров құттықтап, алдағы уақытта да жемісті еңбек етулеріне тілектестік білдірді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT