Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев 1-наурыз Алғыс айту күніне орай ұстаздарға, ата-аналар мен жас өрендерге алғыс білдірді.
Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Өңірдің бас ұстазы өз құттықтауында күрделі кезеңде бірліктің, татулықтың үлгісін көрсете білген ұстаздар мен ата-аналарға алғыс білдіріп, оқушыларға кеңес айтты.
"Қымбатты жас өрен! Қандай жағдай болмасын білім мен ғылымға құштар болыңдар. Үйренуге, білуге талпыныңдар. Міне, осындай тұстарыңмен ел басына қиындық келген кезде көмек көрсете біліңдер. Болашақ - білімде екенін ұмытпай, саналы болып өсіп келе жатқандарың үшін Сендерге де алғысым зор. Келешекте осы білімің мен ақылың елге қызмет етеді деп сенемін",- деп жазылған құттықтау хатта.
Айта кетейік, 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын.