Бүгінгі таңда Атырау облысы бойынша коронавирус инфекциясының 80%-ы «Теңіз» кен орнынан анықталып отыр. Осыған байланысты, кеніште карантиндік шектеу күшейтілді" деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл жөнінде бүгін Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Амантай Жұмағалиев Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.
"7 желтоқсанда Covid-19 жұқтырғандардың 19 -ы Атырау қаласының тұрғындары, ал қалған 42 жағдай Теңіз кен орнындағы жұмысшылардан анықталды. " Науқастармен қарым- қатынаста болған жұмысшылар оқшауланып, медициналық көмек көрсетілуде. 42 жағдай Теңіз кен орнындағы 2 компанияның арасында анықталды. Аталған аурудың 99%-ы профилактикалық мақсатта жүргізілген скринингтік тексерудің нәтижесінде белгілі болып жатыр. Қазіргі таңда аталған 2 компания карантинге жабылды, - деді Амантай Жұмағалиев.
Сурет:дереккөз