Аудандық кітапханадағы алғыс айту күні

Аудандық кітапханадағы алғыс айту күні

Аудандық кітапханада алғыс айту күніне орай «Алғыс білдіру-ең асыл сөз» атты кездесу кеші өтті.

Кешке дәрігерлер, оқырмандар, еріктілер және кітапханашылар қатысты. Кездесуді аудандық кітапхана директорының орынбасары Зада Енбаева ашып, арнайы шақырылған меймандарға ризашылығын білдірді. Өткен жылы басталған пандемия кезінде дәрігерлер, полицейлер, еріктілер халықтың саулығы үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, азық-түлік өнімдерін, тұрмыстық заттар, бетперделер таратқанын да еске алды.

al10321

Аудандық аурухана дәрігері Мұрат Нығметов кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, алғыспен көңіл марқаятынын жеткізді. Аудандық емхананың инфекционист-дәрігері Насиха Наубаева:

-Кездесуге шақырғандарыңызға көп рахмет. Аудандық ауруханада жұмыс істегеніме 30 жылдай болған екен. 2018 жылдың қаңтарынан инфекционист-дәрігер болып қызмет атқарып келемін. Елімізде пандемия басталған кезде алдымен дайындық жұмыстары жүрді, наурыз-сәуірде шетелден студенттер келе бастады, күдікті науқастар тіркеліп, бақылауға алынды, 14 күндік карантинге ұстап, үйде ем қабылдағандары да болды. Мамырдың 5-6-да науқас бала тіркелді, сол кезде аурухананың өзі таза және лас аймақ болып бөлінді. Ал нағыз дерттің көбейгені маусым-шілде айлары болды. Бетперде ережелерін сақтауға қатты көңіл бөлінді әлі де бөлінуде. Аурушаңдық көбейгесін ауруханада орын 40 төсекке дейін жетті. Онда орташа дәрежедегі науқастар, жеңіл түріндегілер үйде емін алды. Ал 2021 жылдың қаңтарында провизорлық бөлімше ашылды, қазір жағдай тұрақталды, көбі аяқтай ем-дом алып, қатты ауырып келгендер ғана провизорлық бөлімшеде жатып емделеді. Баршаңызға алғысым шексіз, алғы шепте жүре берулеріңізге тілектестік білдіремін,-деді ол.

Сонымен қатар кездесуге қатысқан ерікті жастар Айбек Сираш, Сымбат Галымова, Ақжол Қонысбаев та пандемия кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Аудандық кітапхана директорының орынбасары Зада Енбаева еріктілер өз жұмыстарына ауылдағы қолы бос, жұмыссыз жүрген жігіттерді де қосса деген ойын білдірді.

Кездесу қорытындыланып, меймандарға ескерткіш сый-сияпаттар ұсынылды.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521