Қайырымдылықтың үлкен-кішісі жоқ.
Мереке қарсаңында Жалғансай ауылында аудандық мәслихат депутаты Гүлмира Жұмағалиева, Жалғансай ауылдық округінің әкімі Ғибрат Мырзағали аз қамтылған, көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған біраз шаңырақты аралап, 15 отбасыға азық-түлік кәрзеңкесін таратты.
Алдымен ерекше бала тәрбиелеп отырған Гүлнар Қазбекованың шаңырағына бас сұқты. Ерекше бала Асылжан Жәнібеков 5-сыныпта оқиды екен. Округ әкімі Ғ.Мырзағали Наурыз мейрамына орай ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарды құттықтауды мақсат тұтқанын айтса, аудандық мәслихат депутаты Г.Сабырқызы аудандық мәслихат депутаты ретінде мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар жағдайын білу мақсатында келгенін, дәрігерге қаралу жағын білгісі келетінін де меңзеді. Ерекше бала Асылжан квотамен емделем десе, қай кезде де көмек қолын созуға әзір екенін жеткізді. Әкелген сый-сияпатын сол жерде тарту етті.
Ауыл әкім мен жергілікті мәслихат депутаты көмекке мұқтаж 20-ға жуық үйде болып, алғыс арқалап, балалардың қуанғанын көріп, бір марқайып қалды. Қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайтыны рас. Бастысы – жүрекке жылулық, көңілдеріне қуаныш сыйлау.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА