Махамбет ауданында алпыс пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жуырда пәтер баспана кезегінде тұрған ауыл тұрғындарына табысталады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Аудандық тұрғын үй, коммуналдық - шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аслан Сапаровтың айтуынша, ауылдарда құрылыс жұмыстары пандемия кезінде тоқтаған жоқ.⠀
"Өткен жылы құрылысы салынып басталған 60 пәтерлік тұрғын үй көпбалалы, жетім, әлеуметтік осал топ отбасыларына, апаттық жағдайда тұрған және бюджет қызметкерлеріне табысталады. Қазір үйдің құжаттары нақтылануда. Қазіргі уақытта аудан орталығында, Сарайшық, Ортақшыл ауылдарында электрлендіру, газ жүргізу жұмыстары басталды. Қыркүйек айында толықтай аяқталады деп күтілуде" дейді Аслан Сапаров.
Тұрғын үйдің 30 пәтері 2 бөлмелі, қалғаны 3 бөлмелі. Үй құрылысын "Гарант строй 2008" ЖШС мердігер компаниясы жүргізген.⠀ ⠀