Махамбеттегі 60 пәтерлік тұрғын үй кімдерге берілетіні белгілі болды

32 пәтер көпбалалы отбасыларға, қалған 28 пәтер әлеуметтік осал топтарға бөлінді.

Махамбет ауылы, Шұғыла мөлтек ауданы №1 көшесінде орналасқан 60 пәтерлі үшінші тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде халықтың осал топтарына арналған тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен бекітілген лимит шегінде қаржы бөлінді.

Қаржы екі бағытта қарастырылған:

әлеуметтік осал топтар үшін және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға тұрғын үй салуға.

2020 жылдың 13 тамызы күні өткізілген аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімімен 32 пәтер көпбалалы отбасыларға, қалған 28 пәтер әлеуметтік осал топтарға бөлінді.

spisok20

spiski20-1

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521