Махамбет ауданының 3 тұрғынынан коронавирус расталды

1160 адам амбулаторлық жағдайда емделуде

Атырауда бір тәулікте 110 адамнан коронавирус анықталды.

1160 адам амбулаторлық жағдайда емделуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Соңғы тәулікте Атырау қаласында 75, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 5 науқастан қауіпті індет анықталды. Сондай-ақ, Жылыой ауданының 13, Индер ауданының 2, Қызылқоға ауданының 3, Құрманғазы ауданының 7, Мақат ауданының 2, Махамбет ауданының 3 тұрғынында коронавирус расталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 60 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 153 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 1160 адам үй жағдайында, 180 – модульдік ауруханада, 101 – екінші облыстық ауруханада, 98 – фтизиопульмалогиялық орталықта, 162-аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда.

Ал, Теңізкен орнындағы инфекциялық стационарда 114 науқас дәрігер бақылауында.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта қалып отыр.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT