COVID-19: Махамбетте 1 адамнан індет анықталды

Атырауда 114 адам инфекция жұқтырған.

Атырауда 114 адам инфекция жұқтырған.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 72 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 15 адам болса, Құрманғазы – 10, Исатай – 9, Жылыой және Индер ауданында 3, Махамбет, Мақат ауданынында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 42 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 102 адам емделіп шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 1095 адам үй жағдайында емделуде.

Облыстық инфекциялық стационарда 104, модульдік стационарда 170, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 148, фтизиопульмонология орталығында 55 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 157 адам ем қабылдауда.

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз