Махамбетте балабақшалардың жұмысы жанданды

Елімізде төтенше жағдайдан кейінгі тіршілік біртіндеп жанданып келеді.

altyn250820

Тоқтап қалған жұмыс орындары қызметтеріне қайта кірісе бастады. Әсіресе, карантиндік шектеулер кезінде балаларын қайда қалдырарын білмей абдырап қалған ата-аналар үшін, балабақшалардың ашылғаны жағымды жаңалық болды.

Аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі А.Жуасовтың айтуынша, аудандағы балабақшаларда залалсыздандыру талаптарын сақтай отырып, жас ерекшелігіне қарай 15 баладан аспайтын топтарды ашуға рұқсат берілген көрінеді.

al250820-25

Ал, кезекші топтардың жұмысы жөнінде баяндаған «Алтын-балық» бөбекжайының меңгерушісі Тойған Сариева:

-Балабақшамызда кезекші топтар ашылып, жұмысын жалғастырып жатыр. Елімізде індет жайламас бұрын әр топта 1-3 жас аралығындағы бөбектер 20 баладан болса,енді кезекші топта 10 баладан қабылдаймыз. Ал ортаңғы, ересек және мектеп алды топтарында бұрын 25 баладан болса, енді 15 баладан қабылданады. Кезекші топқа бала қалдыратын жерлері жоқ ата-аналар өтініш білдіріп отыр. Санитарлық талаптар қатаң сақталуда, – дейді.

balyq250820

Ата-ана Ж.Дюсенова:

-Қызым «Нұршуақ» бөбекжайының тәрбиеленушісі. Пандемия белең алып балабақшалар уақытша жабылғаннан бері үйдеміз. Енді «Теремок» кезекші тобы ашылып, 15 баладан қабылданып жатыр. Біз соған тіркеліп, өтініш бердік. Себебі, жолдасым екеуміз де жұмыстамыз, – деп қуанышын білдірсе, Сарытоғай елді мекеніндегі «Балбөбек» бөбекжайының ата-анасы З. Үмбетқалиева:

- «Елімізде жұқпалы індеттің күшейіп, таралуына байланысты балаларымның денсаулығын ойлап, үйде ұстауды шештік. Өзім балабақшада тәрбиеші әдіскер болғандықтан балаларды үйден тәрбиелеп, бағдарламаларын бірге оқытып үйретемін. Өйткені, мен үшін бірінші кезекте балаларымның денсаулығы тұрады,– деп вирустан әлі де қауіптенетінін жеткізді.

Кенжегүл САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521